Болашақ энергетикасы атом генерациясынсыз елестету мүмкін емес: ол тұрақты қуат өндіреді және зиянды шығарындылары аз. Климаттық дағдарыс пен электр энергиясына сұраныстың артуы жағдайында — бұл ең сенімді әрі тұрақты көздердің бірі.
Бұл салада ядролық технологияларды терең меңгерген және жоғары қауіпсіздік стандарттарымен жұмыс істей алатын мамандар қажет.
Мысалы: реакторларды басқару жүйелері, радиациялық бақылау, отын циклдары, АЭС-ті автоматтандыру, атом қондырғыларын жобалау және техникалық қызмет көрсету.
Energo-да студенттерге арналған:
— Электр машиналары бойынша бірегей зертханалар
— Релелік қорғаудың цифрлық терминалдары
— Арнайы БЖ бар компьютерлік-телевизиялық аудиториялар
— Таврида Электрик, Schneider Electric, Moeller, Siemens сияқты әлемдік брендтерінің жабдықтары
ЖОО бітіргеннен кейін не істеуге болады?
Түлектеріміз мықты техникалық және инженерлік білім алады. Сондықтан аграрлық секторда ғана емес, энергетик не инженер болып жұмыс істей аласыз
Жеке жұмыс істей аламын ба?
Агроөнеркәсіп нарығында бәсекелестік төмен. Сондықтан өз бизнесіңізді құра аласыз
Мен қандай компанияларда жұмыс істей аламын?
Түлектеріміз мына компанияларда жұмыс істейді: Самұрық-Энерго; KEGOC; Теңізшевройл; ҚазМұнайГаз; Siemens
Білім беру бағдарламасы
→ Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Агроинженерия БББТ — В183
2020 жылғы пандемия, алапат өрт пен табиғи апаттар экологиялық және эпидемиологиялық қауіптердің әрқашан болып тұратынын көрсетеді
Әлемге мынандай мамандар қажет:
осындай қауіптің алдын алатын
өндіріс пен өнеркәсіпте адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудың тиімді жоспарын құра білетін
✅ Бұл дағдыларды Energo-да үйретеміз
Бағдарламамыз еліміздің барлық ЖОО арасында жұмысқа
Су энергетикасы және жаңартылатын энергия технологиялары бойынша мамандарды дайындауда Қазақстанда 1-ші орындамыз
*«Атамекен» ҰКП рейтингі бойынша
Мен не оқимын?
Студенттеріміз оқу бағытын өздері таңдайды:
СЭС жобалау
СЭС пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Бұл не?
Бөгет, су қашырту жүйесі, құбыр сияқты су электр станцияларының маңызды бөліктерін жобалауды үйренесіз. Су энергетикасы бойынша жобаны басынан бастап жасайсыз. Бюджет пен тиімділікті есептеуді үйренесіз
Тағы не істей аламын?
ЖЭК объектілерін жобалау және пайдалану
Жаңартылатын энергия көздерін қолданыстағы электр желілеріне біріктіруді үйренесіз. Қымбат ЖЭК пайдалану және жөндеу бойынша білім аласыз
Күшті! Сосын?
Автономды объектілер мен жүйелерді электрмен жабдықтау
Жаңа технологияларды электр жүйелеріне енгізуді үйренесіз. Мысалы: қашықтан басқару сезбектері, ақылды есептегіштер
Мұндай мамандар көп ақша таба ма?
Баламалы энергия көздері — қымбат технология. Мысалы, 1 жел қозғалтқышының бағасы 27000$ жетуі мүмкін.
Индустрия осындай жабдықтың жұмысы мен әзірлеуін білетіндерге лайықты жалақы төлеуге дайын
Білім беру бағдарламасы
→ Энергетикалық инжиниринг және менеджмент
Электротехника және энергетика — В062
Әлем энергияны ұтымды тұтынуға көшуде — зауыттан бастап тұрғын үйге дейін. Басты сұрақ: энергияны қалай тиімді және шығынсыз өндіруге, таратуға және пайдалануға болады?
Бұл үшін инженерлік білімді басқару тәсілдерімен ұштастыра білетін мамандар қажет. Олар энергожүйелерді талдап, шығындарды оңтайландыруды меңгереді.
Мысалы: энергоаудит, энергия желілерін цифрландыру, тұрақты жоспарлау, тарифтерді оңтайландыру, «жасыл» технологиялар мен ESG стандарттарын енгізу.
Осы бағыттағы студенттер үшін Қытайдағы North China Electric Power University университетімен бірегей қос диплом бағдарламасы қолжетімді.